Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы түзеу мекемесінде ашық есік күні өтті

Абай облысындағы №21 түзеу мекемесіне ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара басталмас бұрын мекеме қызметкерлері келгендерге оны өткізудің жоспары туралы айтып, тыйым салынған аумақта өзін-өзі ұстау және тыйым салынған заттардың заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде нұсқау берді.

Туыстары үшін қызметкерлердің сүйемелдеуімен мекеме аумағына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар асхананы, кітапхананы, отрядтарды аралады.

Мекеменің клуб-асханасында қонақтар үшін шағын шай дастарханы ұйымдастырылып, сотталғандар мен олардың туыстары бейресми жағдайда тілдесіп, сонымен қатар мекеме әкімшілігінің өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алды.

– Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалға оң әсерін тигізіп, туыстық байланысты қалыптастыруға көмектеседі, – деді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы Мұрат Сагымбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру