Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында көлік ұрлаған азамат анықталды

Автокөлік ұрлаған Тараз тұрғыны Талас ауданында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 наурыз күні түнгі сағат 03:07 шамасында Тараз қаласы полиция басқармасының “102” арнасына қала тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлға ықшам аудандағы үй маңында орналасқан автотұрақтан ақ түсті Toyota Alphard автокөлігін айдап кеткені туралы айтып шағымданған.

Аталған дерек бойынша Жамбыл облысы gолиция департаментімен облыс аумағында бағыттама жасалды.

Бағыттамаға сәйкес, Талас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде күдікті ретінде 29 жастағы бұрын істі болған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматтан айғақ зат ретінде ұрланған автокөлік тәркіленді.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысы полиция департаменті тұрғындарға автокөліктерін үй аулаларына, автотұрақтарға қалдырған кезде күзет қызметіне мұқият болуды, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа қоймауды, құжаттар мен құнды заттарды көлік ішіне сақтамауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру