Сауранда 10-нан астам тұрғынға қорғау нұсқамасы шығарылды
Сауранда бір аптада 10-нан астам тұрғынға қорғау нұсқамасы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сауран аудандық полиция бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Мадина Баймахан мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатыр.
Яғни, әйелдер мен балалардың қауіпсіз өмір сүруін негізге алған полицейлер олардың құқықтарын қорғау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарып келеді. Әйелдердің қоғамдағы орны, оларға жасалған заңға қайшы әрекеттер заң аясында қаралып, тұрғындарға түсіндіріліп жатыр.
Осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде 11 тұрғынға қорғау нұсқамасы шығарылды. Қазіргі таңда профилактикалық есептегі тұрғындарды тексеріп, бақылау шаралары жалғасып жатыр.