Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен азамат ұсталды

Қарағандыда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат 03:00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оңтүстік-шығыс ауданында жылдамдықты шектен тыс асырып келе жатқан автокөлікке назар аударып, оны тоқтатқан. Көліктің басқаруында 27 жастағы азамат болған.

Құжаттарын тексеру барысында жүргізуші осыдан бірнеше минут бұрын белгісіз біреудің темір тұлпарын айдап әкеткенін мойындады. Күдіктінің айтуынша, ол тек көлікпен бірнеше уақыт жүріп келемін деп ойлаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмыстық іс қозғалды. Көлік заңды иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру