Түркістан облысында тұрғындардың үйіне ұрлыққа түскен азамат қолға түсті
Түркістан облысында тұрғындардың үйіне ұрлыққа түскен азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына екі жергілікті тұрғын ұрлық қылмысы бойынша арызданған. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың пәтерінен белгісіз біреулер тұрмысқа қажетті мүліктерін (тоңазытқыштар, газ плитасы, қазан-ошақ) жымқырып, 500 мың теңгеден астам шығын келтірген.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Полейцейлер ұрлық қылмысын жасаған күдіктіні анықтауға кірісті. Іс бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті үй иелері болмаған уақытта, есікті кілт таңдау арқылы ашып, олардың мүліктерін қолды еткен. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.