Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзінің үйінің алдында тұрған Ваз-2107 көлігінің аккумуляторы ұрланғаны жөнінде хабарлаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. 

Полицейлер қылмыстың «ізін суытпай» ашу мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді. Жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орны мұқият тексерілді. Жақын аймақтарды аралап шықты. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде күдіктіні, Бәйдібек ауданының тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, жас жігіт таңғы уақытта көліктің бойынан өтіп бара жатып, аяқасты ойы өзгерген. Көлік ішінен аккумуляторды ұрлап, оқиға орнынан «ізін суытқан». Полицейлер аккумуляторды айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру