Ақмола полицейлері астаналық тұрғынның көлігін сатып жіберген күдіктіні анықтады
Ақмола полицейлері астаналық тұрғынның көлігін сатып жіберген күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 сәуірде Қосшы қаласының полиция бөліміне Астана қаласының 52 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам белгісіз адамдар оған тиесілі Газ 52-04 көлігін сатып жібергенін хабарлаған. Көлік жалға берілетін жеке үйдің аумағында тұрған.
Залал сомасы – 1 млн теңге.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің бұрынғы пәтер жалдаушысы анықталды, оның автокөліктің жоғалуына қатысы тексеріліп, істің өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 389-бабының 1-бөлігі бойынша (Өзінше билік ету) СДТБТ-да тіркеді.