Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада 22 жастағы жігіт жаңа танысының ақшасын иемденіп алған

Елордада 22 жастағы жігіт жаңа танысының ақшасын алаяқтықпен иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша ұрлады деген күдікпен 22 жастағы жігітті анықтады.

Тергеу барысында жас жігіт Манас көшесінде жәбірленушімен танысқаны белгілі болды. Әңгіме барысында қаскүнем жаңа танысының банк мобильді қосымшасын пайдалануы кезінде құпия кодты тергенін көріп, есте сақтап қалған. Содан кейін жәбірленушіден қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, банктік шоттан 255 мың теңгеге жуық ақшаны басқа біреуге аударып жіберген. Кейін жәбірленуші ақшасының ұрланғанын біліп, бірден полицияға хабарласқан.  

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру