Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ағайындылар паркингтен өзгенің велосипедін алып кеткен

Астанада ағайындылар паркингтен біреудің велосипедін алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біреуі әлі 18 жасқа да толмаған күдікті мен ағасы құны 200 мың теңге болатын Msep маркалы тау велосипедін алып кетіп, пайда көрмекші болған. Жаңа тұрғын үйде жалдамалы жұмыскерлер болып істеп жүрген ағайындылар паркингтен велосипедті байқаған. Бірнеше күннен кейін, түнде жігіттер паркингке кіріп, кабельді жұлып алып, велосипедті алып кеткен. Олар екі дөңгелекті көлікті үйлеріне апарып, кіреберіске қойған. Сол жерден оны Есіл ауданының полиция қызметкерлері тапқан.

Күдіктілер мойындау көрсетпелерін берді. Олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру