Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда абаттандыру ережелерін бұзған 49 кәсіпкер жауапқа тартылды

Петропавлда абаттандыру ережелерін бұзған 49 кәсіпкер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абаттандыру ережелерінің сақталуы – жергілікті полиция қызметінің жұмысындағы маңызды сұрақтардың бірі. Учаскелік инспекторлар бұл жұмысты облыс орталығында да, ауылды жерлерде де жүргізіп келеді. Петропавлда қасбеттер мен іргелес аумақтарды дұрыс ұстамағаны үшін, қоқысты уақытылы шығармағаны үшін 49 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша хаттамалар толтырылды.

Полицейлер ескерткендей, аталған баптың санкциясы ескерту жасауды немесе жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбахтың айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстардың мақсаты – елді мекендердің санитарлық әл-ауқатын нығайту және келбетін сақтау. Жыл басынан бері полицейлер облыс бойынша абаттандыру ережелерінің 4390 бұзушылығын анықтады, оның 565-і сәуір айында тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру