Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық оқушылардың «балалығы» үшін ата-аналары жауапқа тартылды

Елордалық оқушылардың «балалығы» үшін ата-аналары жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«102» арнасына сағат 12:17-де елордадағы мектептердің бірін белгісіз біреулердің басып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға Пригородный тұрғын алабындағы жекеменшік мектептердің бірінде болғаны анықталды. Оқиға орнына дереу жақын маңдағы полицияның жасақтары жіберілді. Ақпарат расталған жоқ.

Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізілді. Белгілі болғандай, 2-сынып оқушыларының үзіліс кезінде 911 қызметіне хабарласып, мектепті лаңкестердің басып алуына байланысты, олардың дәретханаға тығылып қалғандары туралы хабарлаған. Балалар осылайша қалжыңдағысы келетінін түсіндірді. Мұндай фактілерді алдын-алу және болдырмау мақсатында балалармен заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-аналар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға көрінеу жалған қоңырау үшін жауапкершіліктің қарастырылғанын ескертеді.

Полицейлер ата-аналардан балалардың үйден тыс жерде орналасқан жері мен тәртібін бақылауды және заңсыз әрекеттердің салдары туралы профилактикалық әңгімелесулер жүргізуді сұрайды. Сондай-ақ, оларға кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және ұстау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру