Жамбылдық полицейлермен есірткі тасымалдаған жүргізуші ұсталды
Жамбылдық полицейлермен есірткі тасымалдаған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 сәуір күні Жамбыл облысы ПД ППБ қызметкерлерімен республикалық маңызы бар Шу – Қайнар автожолының 56-шақырымында Шу қаласынан Алматы қаласына бағытталған жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамаған (ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі) Hyundai Accent маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Полиция қызметкерлеріне күдік тудырған жүргізушінің автокөлігін тексеру барысында артқы жолаушы орындығынан қара түсті сөмкенің ішінен полиэтилен пакетіне оралған 2 келі 828 грамм гашиш есірті заты табылды.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен Қордай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, заттай дәлелдеме ретінде табылған есірткі заты сараптамаға жіберілді.
37 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену,сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аталған бапқа сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Күдікті Түркістан облысының тұрғыны екендігі және бұрын сотты болғандығы анықталып, қазіргі уақытта УҰИ-ға қамауға алынды.