Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында бір күн бұрын жоғалған балықшының денесі су қоймасынан табылды

Ақмола облысында бір күн бұрын жоғалған балықшының денесі су қоймасынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Целиноград аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның телефон хабарламасы келіп түсті. Әйел 14 сәуір күні сағат 06:00-де 63 жастағы әкесі балық аулауға кеткенін және полицияға хабарласқанға дейін оралмағанын хабарлады.

Өтініш келіп түскеннен кейін, бірден полицейлер іздестіру ісін бастады және құтқарушылармен бірлесіп ер адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.

16 сәуір күні жоғалған адамның денесін Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының маңындағы “Қарасу” су қоймасынан облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері алып шықты.

Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның мән-жайынын тексеріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Тәртіп сақшылары балық аулауды ұнататындарға кез-келген су қоймасы, әсіресе көктем мезгілінде қауіпті екенін еске салады. Балық аулауға барғанда, өзіңіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуіңіз және оның ережелерін қатаң сақтауыңыз керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру