Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада Play Station ойын приставкаларының иелерін алдаған алаяқ құрықталды

Астанада Play Station ойын приставкаларының иелерін алдаған алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық азамат біреудің мүлкін иемдену арқылы ақша табудың оңай жолын тапқан. Бірнеше ай бойы OLX.kz жеке хабарландырулар сайты арқылы Play Station 4 ойын приставкаларын бірнеше күнге жалға алып, бір күндік төлемнің электронды чегін жіберген. Кейіннен қаскөй приставка иелерімен кездесіп, тауарды алғаннан кейін жоғалып, ұялы телефонын өшіріп тастаған. Осылайша, ол консольдің үш иесін алдап, миллионға жуық материалдық шығын келтірген. 

Қазіргі уақытта полицейлер іздестіру іс-шаралары барысында алаяқты анықтады, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаланың ломбардына өткізілген, ұрланған ойын консольдері ішінара тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу  амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға ҚР ҚК-нің бабының санкциясы осы қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін ескертеді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру