Талдықорғанда дүкеннен аяқ киім ұрлаған күдіктілер видеоға түсіп қалды
Талдықорғанда дүкеннен аяқ киім ұрлаған күдіктілер видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция дүкеннен аяқ киім ұрлау кезінде видеоға түсіп қалған екі әйелді ұстады. Аяқ киім бутигінің иесі арыз жазып, 16 сәуір күні ресми түрде тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген залал 32 мың теңгеден астам.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық полиция қызметкерлері бейнежазбаға түсірілген әйелдердің бірін анықтап, ұстады. Ол Қонаев қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Тағы бір күдікті әлі де іздестіріліп жатыр.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабында (Ұрлық) көзделген қылмыстық іс қозғалды.
Бақылау камерасынан алынған бейнежазба тергеу материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.