Таразда 50 мектептің директоры нашақорлыққа қарсы семинарға қатысты
Таразда 50 мектептің директоры нашақорлыққа қарсы семинарға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен белсенді түрде бірлесіп жұмыс жасайды. Осындай тұрақты кездесулерде бірлескен күш-жігермен өзекті мәселелерді шешудің оңтайлы жолдары қаралып жатыр.
20 сәуір күні ПД ЕҚҚІБ қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының семинар-кеңесіне қатысты.
Модератор ретінде білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек сөз сөйледі.
Сондай-ақ Тараз қаласы ЖПҚБ қызметкерлері, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы, облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы, онлайн-режимде аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, 50 мектептің басшылары, 42 облыс колледждерінің басшылары қатысты.
Кездесу барысында синтетикалық есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
– Қатысушыларға есірткінің жасөспірімдер ағзасына зияны, тыйым салынған заттарды қолдану мен таратудың құқықтық аспектілері, жастарды интернет-сайттар, әлеуметтік желілер арқылы есірткі курьерлері ретінде есірткі бизнесіне тарту тәсілдері туралы бейнероликтер көрсетілді, – деп хабарлады облыс ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.