Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жыл басынан бері іздеуде жүрген 34 қылмыскер ұсталды

Абай облысында жыл басынан бері іздеуде жүрген 34 қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы ПД КПБ бесінші басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Рүстем Уайсұлының айтуы бойынша жыл басынан бері іздеуде жүрген 34 қылмыскер ұсталған. Ұсталғандардың қатарында бір – кісі өлтіруші, бір – тонаушы, адам денсаулығына қасақана зиян келтірген екі қылмыскер және үш алаяқ, 17 ұры бар.

Қылмыскерлер біздің елден тыс жерде жасырынған жағдайда, оларға мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланады. Оларды одан әрі іздеу ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және құрамына 195 ел кіретін халықаралық «Интерпол» қылмыстық полиция ұйымымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.

Жыл басынан бері Абай облысы полиция департаментімен азаматтардың хабар-ошарсыз кету деректері бойынша 60 өтініш тіркелді. Оның ішінде 7 адам анықталмаған күйде қалып отыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, адамдардың белгісіз жоғалып кетуінің әр түрлі себептері бар. Көп жағдайда хабарсыз кеткендердің алкогольді асыра пайдалану әдетіне байланысты. Сонымен қатар жоғалған адамдар өздерінің жоспарлары туралы жақындарына хабарлауды ұмытып, жұмыс істеуге, ақша табуға кететін жағдайлар да кездеседі.

Абай облыстық полиция департаменті адамдардан өздерінің қозғалыстары туралы алдын ала хабарлауды, жақындарымен байланысын үзбеуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру