Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер қаруды заңсыз сақтау дерегін анықтады

Қостанайлық полицейлер қаруды заңсыз сақтау дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қару” және “Ақбөкен” жедел алдын алу шарасы шеңберінде рейд жүргізу барысында жоғарғы Тобыл су қоймасының аумағында полиция қызметкерлері 2 бірлік тегіс ұңғылы атыс қаруын тапты.

– Рейд барысында 39 жастағы Лисаков тұрғыны анықталды. Онда 12 калибрлі ИЖ маркалы және 12 калибрлі ТОЗ маркалы 2 бірлік тегіс ұңғылы атыс қаруы табылды. Қару тіркелмеген. Сараптама тағайындалды, – деді табиғатты қорғау полициясының қызметкері Жомарт Кенебаев.

“Ақбөкен” жедел алдын-алу шарасы басталғаннан бері аңшылық және балық аулау ережелерін бұзудың 24 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру