Көкшетау тұрғынына жоқ тауарды “сатқан” алаяқ құрықталды
Көкшетау тұрғынына жоқ тауарды “сатқан” алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 сәуір күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 25 жастағы тұрғынынан алаяқтық жасалғаны туралы арыз келіп түсті. 15 сәуір күні бейтаныс адам жәбірленушіге қолайлы бағамен 5 қап мөлшерінде қант сатуға уәде бергені анықталды. Жәбірленушінің айғақтары бойынша ақша алғаннан кейін жалған сатушы белгісіз бағытта жасырынып, байланысқа шығуды тоқтатқан.
Полиция басқармасы аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтыққа қатысы бар адам анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.