Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында басшы құрамды даярлау факультетінің тыңдаушыларына сертификат тапсырылды

Алматы академиясында басшы құрамды даярлау факультетінің тыңдаушыларына сертификат тапсырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М.Есболатов атындағы Алматы академиясында ішкі істер органдарының басшы құрамын даярлау факультетінің тыңдаушыларына сертификат тапсырылды. Сертификат тапсыру салтанатын Алматы академиясының басшысы А.Сайтбеков ашып, сертификат иелеріне сәт-сапар тіледі.

– Сіздер біздің академия қабырғасынан үлкен жауапкершілік арқалап бара жатсыздар. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Жаңа Қазақстанды құрудың басты талабы – заманауи технологияларды қолдана отырып, еліміздің әр саласын біліктілікпен басқару. Осы талап үддесінен шығу үшін сіздер академияның кәсіби мамандарынан жан-жақты білім алдыңыздар. Кәсіби дайындықпен қатар, моральдық-этикалық, коммуникативтік және психологиялық дайындықтан өтіп, шешендік өнерді, басқару, әкімшілік-шаруашылық қызмет саласындағы дағдыларды, қаржылық және құқықтық сауаттылықты, жобалық, дағдарыстық және HR-менеджментті меңгердіңіздер. Сіздерді жаңа формация басшыларын даярлау аясында алған білімдеріңізбен ішкі істер органдарындағы жүйелі реформаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосады деп сенемін, – деді академия бастығы.

Аталған факультет Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығымен құрылған болатын. Биыл М.Есболатов атындағы Алматы академиясының ішкі істер органдарының басшы құрамын даярлау факультеті (№1 факультет) үшінші жыл өз түлектеріне сертификат тапсырды.

Салтанатты жиын алдында тыңдаушылар академия бастығының басшылығымен Медеу тау шатқалындағы баспалдақты бағындырып, өздерінің спорттық дайындықтарын шыңдап қайтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру