Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері бопсалаушыны ұстады

Ақмола облысының полицейлері бопсалаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 сәуір күні Бурабай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бопсалау фактісі туралы хабарламасы келіп түсті. Өтініш берушінің айғақтары бойынша, ағымдағы жылдың 10 наурызында танысы қорқыту арқылы оған тиесілі HUAWEI P40 маркалы телефонды тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Щучинск қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтады. Ол бұған дейін ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Күдікті жасаған әрекетін мойындады.
Полиция бөлімі бұл деректі ҚР ҚКнің 194-бабының 1-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру