Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда өзгенің телефонын тартып алған азамат қолға түсті

Қарағандыда сауда үйінің маңында жас жігіттің телефонын тартып алған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне сағат 16.00 шамасында қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңында ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына сол маңға жақын жүрген патрульдік полиция полкінің жасағы жіберілді.

Жәбірленуші 21 жастағы азамат сауда үйінің маңында тұрақ қызметкері болып жұмыс істеген. Қызметін орындау барысында қолында телефоны болған. Сол мезетте белгісіз біреу ашық түрде оның қолынан телефонын жұлып әкеткен. Жәбірленуші тәртіп сақшыларына күдіктінің түр-кескінін суреттеп берді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру