Ұлытау облысы ПД-да қызметкерлерді ұлықтау мақсатында салтанатты жиын өтті
Бүгін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекелері қарсаңында Ішкі істер органдарында абыройлы қызмет еткен ардагерлерге, қызмет барысында үздік нәтижеге қол жеткізген қызметкерлерді ұлықтау мақсатында салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Салтанатты жиын полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиевтің құттықтау сөзімен басталды.
– Сіздерді ерлік пен елдіктің мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Елімізде Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында атап өтілетіні бекер емес. Себебі, бұл күн – ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісі болған, отты жолдармен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым ететін күн. Кешегі Отан үшін отқа түскен қаһармандардың биік тұлғаларын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Отанды қорғау біздің ата-бабаларымыз үшін қашан да қасиетті борыш саналған. Сол аға ұрпақтың даңқты дәстүрін бүгінде облысымыздың ер-азаматтары абыроймен жалғастырып келеді. Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері әрбір Отан қорғаушының жүрегінен орын алып, мәңгілік ұранына айналуы тиіс, – деді департамент бастығы Қайыркен Әлиев.
Шара барысында Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен департамент бастығының бұйрығымен қызмет бабында алдыңғы шептен көрініп, үздік шыққандар марпатталды.
Мереке қарсаңында полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұловқа және Жезқазған қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Азамат Ахметовке мерзімнен бұрын полковник атағы берілді. Мінсіз қызметімен көзге түскен Жаңаарқа ауданы ПБ бастығы Болат Рысбековке бір саты жоғары полиция полковнигі арнаулы атағы берілді.
Сонымен қатар «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен – 1 қызметкер, «ІІМ құрмет грамотасымен – 1 қызметкер, «ІІМ Грамотасымен және Алғыс хатымен – 4 қызметкер, сондай-ақ 5 қызметкерге алғыс жарияланды.
Меркелік іс-шара полиция қызметкерлері және «Алға, бас» театрының өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.