Алматы полициясы Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсеновке соғыс жылдарындағы әндерді орындады
9 мамырдың таңы Ұлы Отан соғысының ардагері 99 жастағы Қамбар Сәрсенов үшін концертпен басталды. Алматы қалалық полиция департаментінің ансамблі оның пәтерінің терезесінің алдында тұрып, соғыс туралы әндерді орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жеңіс циклі туралы материалдарымызда Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Әмірұлы туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол – шындық пен әділдік күрескері, Отанымыздың бостандығы үшін болған талай шайқастардың қатысушысы. Ауыр жарақатына қарамастан, Қамбар аға соғыстан кейінгі жылдары азаматтардың тыныштығының сақшысы болуды ұйғарды. Осындай атаулы күні біз ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен ардагерге нағыз мереке ұйымдастырдық. ПД-нің ансамблі әскери шығармаларды жанды дауыста орындады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.