Павлодар облысының полицейлері ІІО ардагерін еске алды
Павлодар облысында Ұлы Отан соғысының ардагері, милиция полковнигі Оразбай Қуанышевті еске алуға арналған шағын футболдан 12-ші турнир ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын өткізілетін бұл турнирге 8 команда қатысты. Ертіс ауданының полиция бөлімі мен ІІО ардагерлер кеңесі, сондай-ақ ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен ардагердің балалары ұйымдастырды. Турнирдің ашылу салтанатында полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков, ішкі істер органдарының ардагерлері Саркен Бақтыбаев пен Дархан Сураганов және туыстары құттықтау сөз сөйледі.
Командалар кіші топ бөлінді. Жарыстың бас төрешісі топтардың құрамын жариялады. Барлық ойындар тартысты өтті. Үздік шабуылшы – Саянов Азамат, Үздік қақпашы – Пчелкин Денис, Ең жас ойыншы – Ладункин Багдан, Ең жас ойыншы – Уабов Сағынбай, Спорт ардагері – Бекниязов Сердали атанды, ал Жұманов Жантас әдемі гол соқты.
Командалар арасында орындар келесідей бөлінді: I орын – Северное ауылының құрамасы, II орын – Қоскөл ауылы, III орын – Ертіс ауданының полиция бөлімінің құрамасы. Барлық жеңімпаздар ақшалай және тәтті сыйлықтармен, медальдармен, грамоталармен марапатталды. Ал жанкүйерлер мен қонақтар ұмытылмас эмоциялар мен қуанышты сәттерге куә болды. Ардагердің туыстары ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.