Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да көпбалалы үш полицей Халықаралық Отбасы күніне орай марапатталды

СҚО-да көпбалалы үш полицей Халықаралық Отбасы күніне орай марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан полициясы Халықаралық Отбасы күнінде «Міндет. Абырой. Ерлік» облыстық көркемөнерпаздар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен гала-концертіне қатысты. Көркемөнерпаздар байқауында бүкіл облыстың аумақтық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері өздерінің таланттарын көрсетті. Сондай-ақ іс-шара барысында отбасы институтын нығайту, некенің ұлттық құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелеу мақсатында Петропавл қаласы ПБ-ның 3 қызметкері алғыс хаттармен марапатталды. Патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы Талғат Исмағамбетов, учаскелік инспектор Жасур Ильхомов, аға анықтаушы Гүлсім Гарипова – құқық қорғау қызметін атқарып қана қоймай, әрқайсысы төрт баланы тәрбиелеп отыр.

ттау- Бүгінгі таңда біздің облыста полиция қызметкерлері 71 отбасы құрайды, онда ерлі-зайыптылардың екеуі де полицияда қызмет етуде. Біз өз үлгісімен отбасылық құндылықтарды насихаттайтын, өскелең ұрпақтың қызметі мен тәрбиесін біріктіретін адамдарды мақтан тұтамыз. Адамның болашақ мінез-құлқы мен қоғамдағы орны отбасының тәрбиесі мен дәстүрлеріне, руханиятына байланысты, – дейді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру