Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полиция облыс тұрғынын бір келіден астам есірткімен қолға түсірді

Ақмолалық полиция облыс тұрғынын 1 келіден астам есірткімен қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері үй-жайда 1 келіден астам есірткі сақтаған ер адамды ұстады. Сараптама бұл марихуана екендігін көрсетті.

Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бурабай ауданының 53 жастағы тұрғыны, есірткі заттарын сату күдіктісі ұсталды.

Тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізу кезінде ер адамның үйінде өсімдік тектес есірткі затына ұқсас, салмағы 1 келіден асатын 32 полиэтилен пакет, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтауға және пайдалануға арналған сыйымдылық пен құрылғы табылды.

 

Тәркіленген заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес, пакеттердегі зат кептірілген марихуана болып шықты.

Департаменттің тергеу басқармасы осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру