Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде сотқа дейінгі тергеу кабинеті ашылды

Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде сотқа дейінгі тергеу кабинетін ашу шарасына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде сотқа дейінгі тергеу және цифрлық құзыреттер кабинетінің салтанатты ашылу іс-шарасы өтті. Аталған шараға облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов қатысты.

– Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың нұсқауына сәйкес, бұл кабинетке біз компьютерлер қойып, қылмыстық істерді электронды түрде тергеу бойынша бағдарлама орнаттық. Басты мақсат – осы білім ордасында оқып жатқан студенттерді практикалық біліммен университет қабырғасында сусындату. Кейін бұл студенттер оқуын бітіріп, ішкі істер органына жұмысқа тұрғанда олардың қылмыстық істерді тергей білуіне жағдай жасау болып отыр. Білім ошағында алған теориялық біліммен практиканы үйреніп келген жас маман тергеу саласының жұмысын бірден меңгеріп кетеді деген ойдамыз. Қылмыстық істерді электрондық түрде тергеудің ең басты мағынасы –адам, қылмыстық процессті қысқарту, бұрмалауға жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, – деді Санжар Әділов.

– Заң факультетінің оқытушылары студенттерге жағдай жасап, іс-жүзінде көрсететін бағдарламамен компьютерлер қойып берген облыстық полиция департаментінің басшылығына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізгім келеді. Сотқа дейінгі тергеу және цифрлық құзыреттер кабинетінің болашағы зор деп ойлаймын. Бұндай кабинеттерді болашақта жетілдіріп, үлкен орталыққа айналдырамыз деген ойдамын. Осы кабинеттен теориялық және практикалық білім алған түлек болашақта тергеушінің міндеттерін еш қиналмастан алып кетеді деген ойдамын, – деді заң факультетінің деканы Абзал Серікбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру