Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зергерлік салоннан алтын сақинаны қолды еткен астаналық тұрғын анықталды

Зергерлік салоннан алтын сақинаны қолды еткен астаналық тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға елорданың ойын-сауық орталықтарының бірінде болған. 39 жастағы қала тұрғыны зергерлік бұйымдар сататын бутикке кіріп, сатушыдан сақиналарды көрсетуді өтінген. Зергерлік бұйымдарды киіп көргеннен кейін, ол сақина оған сәйкес келмейтіндей кейіп танытып, оны қайтарып берген. Содан кейін ол басқа сақиналарды көрсетуді сұрайды және сатушыны шатастырып, сақиналардың бірін қайтармай, бутиктен асығыс шығып кеткен. Кейінірек сатушы сақинаның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар ер адамды анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру