Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардаралық тұрғыннан заңсыз ауланған 60 келі балық тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері шардаралық тұрғыннан заңсыз ауланған 60 келі балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, заңсыз балық аулаудың кезекті фактісін анықтап, жолын кесті.

Нақтырақ айтсақ, Шардара су қоймасы учаскелерінің бірінде рейд жүргізу барысында заңсыз балық аулаумен айналысқан Шардара қаласының тұрғынын анықтады. Тәртіп сақшылары ер адамнан қайық, балық аулау торлары мен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіледі.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз алу) бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру