Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық оқушылар арасында Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысы инспекторларының слеті өтті

«Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Астанадағы №67 мектеп-гимназиясында қалалық жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысы жас инспекторларының қалалық слеті өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Байқауға қатысуға 15 команда өтініш беріп, жарысқа 150 бала қатысты.

Слет қорытындысы бойынша, №67 мектеп-гимназиясы бірінші орынды алса, №28 мектеп-лицейі екінші, №6 мектеп-гимназия үшінші орынға ие болды.


Жеңімпаз команда ЖҚИ – 2023 республикалық слетіне қатысу құқығын алды.

7 номинация белгіленді: «Үздік командир», «Нысанды киім үлігісі», «Саптық қарау», «Жол жүру ережелерін білгірлер», «Жас реттеуші», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу», «Үгіт-насихат бригада».

Қатысушылар мен ұйымдастырушылар грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру