Астанада жалған ұялы байланыс операторы абоненттерді алдаған
Астанада жалған ұялы байланыс операторы абоненттерді алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорданың 23 жастағы тұрғыны ұялы байланыс call-орталығының операторы ретінде өзін таныстырып, пайдаланушыларды алдаған. Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректерін қарап алып, оларға 450 мың теңге мөлшерінде ұтыс туралы хабарлама жіберген. Жүлдені алу үшін абоненттер өз балансын 10-12 мың теңгеге толықтыруы қажет болған. Сонымен бір уақытта, ұялы байланыс операторының мобильді қосымшасында ол басқа біреудің нөмірі мен клиенттер берген СМС-код нөмірлерін енгізген. Алайда, жалған операторға SMS-кодты хабарлағаннан кейін абоненттер салған қаражат олардың балансынан шешіп алынған.
Бүгінгі таңда 10-ға жуық алданған азамат полицияға жүгінді, бірақ одан да көп зардап шеккендер болуы мүмкін. Залал сомасы анықталып жатыр.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды ұялы байланыс желілерінде жиі алдау жағдайлары туралы ескертеді. Есіңізде болсын, байланыс операторлары ешқашан абоненттерден құпия сөздерді, телефонға кодты және кез-келген жеке ақпаратты енгізуді сұрамайды. Белгісіз адамдардың айтуы бойынша ешқандай әрекет жасамаңыз және оператордың абоненттік қызметіндегі ақпаратты тексеріңіз.