Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандар көрмеге түрлі ұлттың музыкалық аспаптарын сыйға тартты

ШҚО-да сотталғандар көрмеге өз қолдарымен жасаған түрлі ұлттың музыкалық аспаптарын сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖК №18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар көрмеге өз қолдарымен дайындалған бұйымдарды дайындап, сыйға тартты. Әртүрлі ұлттардың музыкалық аспаптары, атап айтсақ, балалайкалар, маракастар, барабандар, бубни, домбыра аймақтың көрмесін толықтырды. Дайындыққа барлық жасақтардан сотталғандар қатысты. Экологиялық таза материалдан жасалған сыйлықтар мекеме әкімшілігі өндірілген бұйымдарды тапсырды, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық тек жалғасатынына сенім білдірді.

– Мекеме әкімшілігі мен осы бұйымдарды жасап шыққандарға үлкен алғысымды білдіремін, – деді «Достық үйінің» директоры Гүлнара Бекетаева.

Айта кетейік, Шемонаиха қаласының «Достық үйінің» қабырғасында Шемонаиха ауданының 95 жылдығын мерекелеу қарсаңында көрме ашылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, «Достық үйі» Шемонаиха ауданы бойынша этно-мәдени бірлестіктерді басын қосты. Ұйымдастырушылар көрмеде қазақтар, орыстар, украиндар, белорустар, немістер, татарлар, тәжіктер, өзбектер сияқты осы аудан аумағында тұратын ұлттық мәдениеттердің ұлттық дәмі, тұрмыстық және мәдени заттар, музыкалық аспаптар, зергерлік бұйымдар, халық костюмдері, кәдесыйлар ұсынылғанын атап өтті.

– Олардың барлығының ұлты әртүрлі болғанмен, ең бастысы олар біздің басты байлығымыз – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау, өзінің ұлттық тамырларын, ғасырлар бойы сақталған дәстүрлері мен мәдениетін бағалау қажеттілігі туралы шын жүректен түсінеді, – деп қорытындылады ҚР ІІМ ҚАЖК №18 мекемесі бастығының орынбасары Қадірхан Хамзин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру