Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік полицей өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғынды құтқарды

Семейлік полицей өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 мамыр күні сағат 18:53-те “101” пультіне Докучаев көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Сол уақытта жеке автокөлікпен жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан Абай облысы ДП ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы Ернұр Кұтамбаев көпқабатты үйде қатты түтін шығып жатқанын байқаған.

Полиция қызметкері өрт сөндіру бөлімшелері әлі келмегенін түсініп, азаматтарға өз бетінше көмек көрсетуді шешкен.

Оқиға орнына келгеннен кейін, көп қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында балкон ашық жалынмен жанып жатқан. Кіреберісте қатты түтін пайда болып, адамдар дүрбелеңге түскен. Полицейге бейтаныс жасөспірім келіп, пәтерде мүгедек адам бар екендігін, өз бетінше қозғала алмайтындығын айтқан. Көміртегі тотығымен улану қаупін түсініп, ол осы үйдің бір тұрғынынан көмек сұрап, жоғарғы қабатқа қарай жүгіріп, екеуі ер адамды далаға алып шыққан.

Ер адамды өрттен құтқару туралы полиция департаментінің баспасөз қызметіне кездейсоқ белгілі болды. Полицейдің өзі өртте болған оқиға жайлы бөліспеді.

Полиция қызметкері Ернұр Құтамбаев өз іс-әрекетін батырлық деп санамайды. Ол өз сөзінде керек жерде, керек уақытта болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру