Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталғандар апелляциялық шағым берудің жаңа тәсілін кеңінен қолдануда

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №13 мекемесіндегі сотталғандар арыз-шағымдарын Бас прокуратураның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған терминалдары арқылы электронды форматта бере алады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Алматы қаласы Түрксіб аудандық прокуратурасының өкілдері аталған мекеме сотталғандарымен кездесу өткізіп, оларға арыз-шағымдарды кедергісіз беру және онлайн заңгерлік кеңестер алу алгоритмін түсіндірді.

– Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №13 мекемесі қауіпсіздігі төмен мекеме. Мұнда сотталғандарды ұстау тәртібі арнайы заң бойынша бекітілген. Арыз-шағымды электронды түрде терминал арқылы беру бұрыннан қолданылып келе жатқан әдіс. Ал мекемеге жаңадан келген сотталғандарға жоғарыдағыдай түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады, – дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №13 мекемесінің бастығы Е.Жекенов.

Қылмыстық-атқару жүйесіне цифрлық технологияларды енгізудің өзектілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған кездесу кезінде терминалдармен жұмыс істеу барысында туындайтын проблемалық мәселелер де талқыланып, сотталғандар терминалдардың жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру