Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қылмыстың үштен бірі мас күйде жасалады

Алматыда қылмыстың үштен бірі мас күйде жасалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері алкоголь өнімдерін сату саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

– Қалада жыл басынан бері учаскелік инспекторлар кәсіпкерлік субъектілері тарапынан осы бағыттағы 161 заң бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар талдауға сәйкес, қылмыстың үштен бір бөлігі алкогольді ішімдіктерді бірлесіп ішу салдарынан жасалғанын айта кеткен жөн. Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілерінен Заң талаптарын мүлтіксіз орындауды, атап айтқанда, алкоголь өнімдерін 23:00-ден бастап келесі күннің 08:00-ге дейін, ал этил спиртінің көлемдік үлесі 30%-дан асатын алкогольдік өнімдерді 21:00-ден бастап келесі күннің 12:00-не дейін сатпауды талап етеміз. Сондай-ақ 21 жасқа толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салынғанын естеріңізге саламыз, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру