Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да колонияға тыйым салынған заттарды алып өтудің кезекті әрекеті тоқтатылды

СҚО-да колонияға тыйым салынған заттарды алып өтудің кезекті әрекеті тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел ақпаратты іске асыру барысында сотталғанға сәлемдеме беру кезінде №51 мекеме қызметкерлері спутниктік антеннаға арналған тюнерден  4 Samsung телефоны және Altel ұялы байланысының 1 Sim-картасын тауып, тәркіленді. Тыйым салынған заттар қуат көзі муляжында жасырылды.

Тонау жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталғанға сәлемдемені Ақтөбе қаласының тұрғыны жіберді. Азаматшаға қатысты материал жасалып, тиісті шешім қабылдау үшін тұрғылықты жері бойынша сотқа жіберілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес оған ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш (34500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

2023 жылдың басынан бастап СҚО бойынша ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды лақтыру, сәлемдемелер, автомобильдер және азық-түлік арқылы беру әрекеттері кезінде барлығы 60 телефон тауып тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру