Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда қоғам белсенділері мен полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылады

“Даму” қоғамдық қорының бастамасымен Қостанай ауданының Тобыл қаласында “Қостанай облысында зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу және күштеп пайдаланудың барлық түрлерінің деңгейін төмендету” тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол Winrock коммерциялық емес ұйымының Қазақстан Республикасындағы филиалы қаржыландыратын Америка халқының қолдауымен Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон бойынша USAID жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Іс-шарада адамдардың адам саудасының құрбаны болу жолдары, адам саудасына қарсы қандай шаралар қабылданатыны, өзін және жақындарын қорғау, алаяқтықтан қалай сақтау керектігі, сондай-ақ адам саудасының құрбандарына қандай көмек көрсету керектігі туралы сұрақтар қарастырылды. Қатысушылар пікірталас кезінде белсенді түрде өз ойларымен бөлісті және осы проблемамен күресу үшін мемлекет қолданатын амал түрлері мен шаралар туралы ақпарат алды. 

Полиция қызметкерлері адам саудасының құрбандары мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған арнайы орталықтардың жұмысы туралы айтып берді. Сондай-ақ отырысқа қатысушыларға қажетті көмек алу үшін жүгінуге болатын жедел желілердің байланыс буклеттерін таратты. Айта кету керек, дөңгелек үстелде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері көтерілді. Шақырылған мамандар осы мәселе бойынша барлық қажетті ақпаратты бере алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру