Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

”Нашақорлыққа жол жоқ!”: маңғыстаулық полицейлер велошеру ұйымдастырды

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізіліп жатқан айлық аясында Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Ақтау қаласы тұрғындары мен спортшылары арасында велошеру ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның басты мақсаты — есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау, сондай-ақ азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.

Айта кетейік, аталмыш шараға облыстық мәслихат, спорт басқармасы, Маңғыстау велоспорт федерациясы, Абай атындағы МДК, коммерциялық емес Ақтау велоспорт қауымдастығы және “Wheels Brothers mc Актау” мотоклубы атсалысып, өз үлестерін қосты.

Шараның ашылу салтанатында ПД ЕҚҚІБ бастығының орынбасары Е.Сафиуллин алғысөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Велошеруге 70-ке жуық ерікті азамат қатысты. Әр қатысушыға арнайы дайындалған футболкалар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру