Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық оқушыларға кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырылды

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Оқушылар есірткіге қарсы» науқаны аясында №6 орта мектеп оқушыларына арнап кинологиялық қызмет орталығына экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Оқушыларға жарылғыш заттарды, есірткі құралдарын іздеуге маманданған және полицейлерге қаскүнемдерді немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге көмектесетін қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы туралы айтылды.

Мұнда полиция қызметкерлері есірткінің зияны туралы дәріс өткізді.

– Жыл сайын 26 маусымда аталып өтетін [алықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың аясында Жамбыл облысында күн сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі. Аталмыш іс-шаралардың басты міндеттерінің бірі – жастардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған кешенді жұмыстарды жүзеге асыру, – деп атап өтті облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру