Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетелдік азамат елден шығарылды

Қостанай облысында “Заңсыз келуші” жедел алдын алу шарасының бірінші кезеңінде 12 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 151 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша (Шетелдіктің келуі туралы ІІО-ны уақтылы хабарламау) бойынша ҚР 88 азаматы жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 20 жұмыс беруші жауапқа тартылды.

Қостанай облысы ПД жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысын шығарды. Ол 19-25 маусым аралығында өтті. Шара заңсыз көші-қон арналарын және заңсыз көші-қонға байланысты басқа да заңсыз әрекеттерді анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Қостанай, Рудный және Тобыл қалаларында көші-қон қызметінің мамандары учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған топтарды, нақтырақ айтқанда Өзбекстанның 5-10 азаматын анықтады.

Қостанай облысында “Заңсыз келуші” жедел алдын алу шарасына барлығы 287 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру