Жаңақорғанда пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық бағыттағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Жаңақорған аудандық пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық бағыттағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінің негізгі бағыты – түзеу мекемелерінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Осы орайда Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлері есепке алынған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін әртүрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Сондай жұмыстардың бірі ретінде, сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағыты бойынша үздіксіз жұмыстар атқарылып келеді.
Нақтырақ айтсақ, аталмыш пробация қызметкерлері 20 сотталғанды аудандық жұмыспен қамту орталығына апарып, арнайы мамандардың кеңесін тыңдатты. Олар: аудандық әкімшіліктен, жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлікті дамыту бөлімінен келген мамандар болатын.
Бұл мамандар әлеуметтік көмек көрсету бағытында 10 сотталғанға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Жаңақорған аудандық пробациясы қарамағында 49 азамат арнайы есепке алынған.