Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 4 млн теңгеге алтын бұйымдарды қолды еткен бикешті анықтады

Ақмола полицейлері жалпы сомасы 4 млн теңгені құрайтын алтын бұйымдарды ұрлаған бикешті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусым күні Атбасар ауданының полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғыннан 28 сәуір мен 29 маусым аралығында белгісіз тұлғалардың оның пәтерінен 4 млн теңгені құрайтын алтын бұйымдарды ұрлап кеткендігі туралы арыз келіп түсті.

Осы өтінішке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Қылмыс орнына келген криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілердің алтыннан жасалған 26 бұйыммен қоса 200 АҚШ долларын ұрлағанын анықтады.

Әрі қарай тергеп-тексеру жүргізу барысында алтын ұрланған мекенжайға үй иелерінен басқа бөгде адамның да еркін кіре алатыны белгілі болды. Тәртіп сақшылары барлық жергілікті ломбардтар мен айырбастау пункттерін тексерді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер өз кінәсін мойындаған 35 жастағы бикешті анықтады. Заттай дәлелдемелер жартылай тәркіленді.

Полицейлер азаматтарды қырағы болуға және құнды заттарды қауіпсіз жерде сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру