Семейдегі түзеу мекемесінде алғаш рет қылмыстық-атқару жүйесі тарихының бұрышы ашылды
Семейдегі түзеу мекемесінде алғаш рет қылмыстық-атқару жүйесі тарихының бұрышы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №21 мекемесінде алғаш рет қылмыстық-атқару жүйесі тарихының бұрышы ашылды.
Оны ашудың алдында бұрышты безендіру, сондай-ақ тарихи материалдар мен экспонаттарды жинау және дайындау бойынша айлар бойы жұмыстар жүргізілді. Мұнда осы мекеменің құрылу тарихы туралы ақпараттар, мекеменің ардагерлері мен еңбегі сіңген қызметкерлерінің портреттері, мекеме қызметкерлерінің жеңіп алған спорттық наградалары, колония сотталғандарға тыйым салынған заттардың сөресі, сондай-ақ әртүрлі жылдардағы қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімдерінің үлгілері ілінген.
– Мекемеде жас қызметкерлерге адамгершілік-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар үшін мұндай бұрыш ашудың маңызы зор. Жиналған материалдардың ұсынылған экспозициясы арқылы балалар әрқашан қылмыстық-атқару жүйесі, таңдаған мамандығының ерекшеліктері, оң тәжірибені насихаттау, ұжымда салауатты микроклиматты құру туралы қажетті білім ала алады, – деді кадр бөлімінің бастығы Гульнар Исмаилова