Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта әкесінің көлігімен жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жасөспірім анықталды

Түркістан облысында полицейлер әкесінің көлігімен жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жасөспірімді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан полицейлері Сарыағаш қаласындағы көшелерде кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің Hyundai Sonata автокөлігін басқарып, тәулік бойы жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғанын анықтады. Осы факті бойынша жедел жұмыстарды атқарған полицейлер жасөспірімнің 16 жастағы Сарыағаш қаласының тұрғыны екенін анықтады.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды. Белгілі болғандай, жасөспірім әкесінің көлігін басқарған. Сондықтан жасөспірімнің әкесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша шара көрілді.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін Сарыағаш қаласындағы айыптұраққа қойды. Полицейлер тарапынан құқық бұзушыға жол апатына ұшырап, айыптұраққа жеткізілген көліктер көрсетіліп, түсіндірме жүргізілді. Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру