Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық полицейлер алаяқтық пен ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді

Теміртаулық полицейлер алаяқтық пен ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол тәртіп сақшыларына алаяқтың құрбаны болғандығын хабарлады. Белгілі болғандай, белгісіз біреу оған келіп, шұғыл түрде қоңырау соғу үшін телефонын сұрап алған. Кейін, біреумен сөйлесіп тұрғандай сыңай танытып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға орнына бірден қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының жасағы жіберілді. Жәбірленушінің күдікті туралы берген ақпараты бойынша жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары “ізін суытпай” осы іске қатысы бар 34 жастағы күдіктіні анықтады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында ұсталған азаматтың бұған дейін 32 жастағы қала тұрғынының қалтасынан 80 мың теңге тұратын телефонды ұрлап әкеткені анықталды. Бұл дерек бойынша да ұсталған күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру