Павлодар облысында 4764 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған
Павлодар облысында 4764 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Статистика көрсеткендей, жиі бұзылатын жол ережелерінің бірі – қауіпсіздік белбеуін тақпау. Жүргізушілердің мұндай “ұмытшақтығы” ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Құқықтық тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдігін тағып жүрмеген 4764 жүргізушіні анықтады.
Барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, Павлодар қаласының патрульдік полицейлері Толстой көшесінде Toyota көлігін тоқтатты, оның жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған. 65 жастағы павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полицейлер тұрғындарға жол ережелерін қатаң сақтауға және ересектердің жолдағы мінез-құлқы балаларға үлгі болатынын есте сақтауға шақырады.