Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғындары ауыл тұрғынына қылмыс жасады деген күдікпен дене жарақатын салған

Ақмола облысының тұрғындары ауыл тұрғынына қылмыс жасады деген күдікпен дене жарақатын салған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақкөл АПБ полиция бөліміне жергілікті тұрғынның телефон хабарламасы келіп түсті. Ер адам полицейлерге 8 шілде күні кешкі сағат 23:00 шамасында өзіне тиесілі гаражда екі жас жігіттің дене жарақатын салғанын айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған екі жергілікті тұрғын болып шықты.
Олардың айғақтарына сәйкес, өтініш берушіні қылмысқа күдіктеніп, ер адамды жазалауға шешім қабылдады.

Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қажетті сот сараптамаларының кешені тағайындалды.

Жанжалға қатысушылардың жеке басы зерттелді. Тергеу барысында қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың іс-әрекеттеріне, болған оқиғаның барлық мән-жайларын ескере отырып бағалау берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру