Түркістан полицейлері төленбеген 500 мың теңге айыппұлы бар көлікті анықтады
Түркістан полицейлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен төленбеген 40 айыппұлы бар көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығы көшелерін патрульдеу кезінде, «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильдік бағдарламасының көмегімен Mercedes Benz автокөлігін тоқтатты.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында жүргізушінің 500 мың теңгеден астам төленбеген 40 айыппұлы барын анықтады. Яғни, жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының көпшілігі жылдамдық режимін бұзумен байланысты.
Сондай-ақ автокөлік иесінің жеке сот орындаушысының қаулысы бойынша 2 миллион теңгеден астам берешегі бар екені анықталды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.