Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері “Жолда қабылдау” акциясы кезінде 520-дан астам сауалға жауап берді

СҚО полицейлері “Жолда қабылдау” акциясы кезінде 520-дан астам сауалға жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері екі күндік “Жолда қабылдау” акциясын өткізді. Оның мақсаты – жол қауіпсіздігі мәселелерін шешу болды. Желі қолданушыларының сұрақтарына жетекші полиция қызметтерінің басшылары мен тәжірибелі қызметкерлер жауап берді. Байланыс әлеуметтік желілердің тікелей эфирлерінде және халықпен жиындарда, аудандарға шығу бойынша жүргізілді. Облыс бойынша барлығы 520-дан астам адам тәртіп сақшыларына жүгінді.

Өзекті тақырыптардың қатарында – автокөлікті заңдастыру мәселесі болды. Полицейлер бүгінде облыста шетелдік есепте тұрған 8717 автокөлік заңдастырылғанын, 17 шілдеден бастап уақытша тіркеуге құжаттарды қабылдау басталатынын еске салды. Күрделі жағдайлар жеке тәртіппен шешілді. Мысалы, акцияның бірінші күні әлеуметтік желіні пайдаланушы шетелдік тіркеуі бар автокөлік туралы сауал жолдады, оған Қазақстан соты шектеу қойған. Деректер базасын тексеру барысы қазіргі уақытта шектеулер алынып тасталғандығын көрсетті.

Полицейлер еске салады: СҚО тұрғындары көлік құралдарын тіркеудің барлық мәселелері бойынша арнайы ХҚКО-да немесе қауырт желіде 8 (7152) 32-00-22 телефон нөмірі бойынша кеңес ала алады.

Акцияның екінші күні Петропавл жол желісінің нақты учаскелері бойынша, мысалы, жаңа бағдаршам нысандары туралы көптеген сұрақ келіп түсті. Тәртіп сақшылары әрбір жаңа объектінің жұмысы мұқият талданатынын, қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізілетінін, жергілікті атқарушы органдардың атына жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жөнінде ұсыныстар жіберілетінін түсіндірді.

– Бөлімше басшыларының адамдармен тікелей байланысы – полиция мен қоғамның кері байланысын нығайтады. Бұл тәжірибе адамдардың заңды құқықтары мен мүдделеріне басымдық бере отырып, жұмыстың сервистік моделіне көшуіне ықпал етеді, – дейді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру